Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзған 18 мопедші ұсталды

alashainasy.kz

Алматыда тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзған 18 мопедші ұсталды

Алматыда Арбаттың маңындағы үйлердің тұрғындарынан тыныштықты бұзу дерегі бойынша шағымдар көбейген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап жазды. Тұрғындардан арыз - шағымдар көбейген соң, полиция Арбатта профилактикалық іс-шараны күшейтті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Арбат демалыс орны соңғы уақытта жаяу жүргіншілердің ғана емес, сондай-ақ, мопед жүргізушілерінің де бас қосатын орнына айналған. «Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Белгіленген аумақта жаяу патруль, іргелес аумақта автокөлік патрульдері күшейтілді. Мәселен, өткен түнде ғана Арбатта тыныштықты бұзу дерегі бойынша бес хабарлама келіп түсті. Шара қолдану үшін 18 мопед жүргізушісі полицияға жеткізілді. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы және 615-бабы бойынша жауапқа тартылды. Жалпы, бес күн ішінде Арбатта тәртіп бұзған 63 мопед жүргізушісі Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Данияр Тасубаев. Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзған 4748 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Алматыда Арбаттың бүкіл аумағына бейнекамера қойылатын болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024