Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекет басшысы Самал Еслямованы қабылдады

alashainasy.kz

Мемлекет басшысы Самал Еслямованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады. Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті. Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024