Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Halyk Bank 28,4 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

alashainasy.kz

Halyk Bank 28,4 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

Halyk Bank қызметінің 2022 жылғы қорытындысы бойынша Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды. Оған сәйкес, мемлекеттік көмек ретінде берілген 28,4 млрд теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап. "Дивидендтік саясатқа сәйкес, Halyk Bank жыл сайын өз акциялары бойынша дивидендтер төлейді. Биылғы жыл қорытындысы бойынша, Банк акционерлері 2022 жылға бір акцияға 25,38 теңге мөлшерінде дивиденд алады. Депозит түріндегі мемлекеттік көмекті Қазкоммерцбанк 2015 жылы алды. 2018 жылы Қазкоммерцбанк Halyk Bank-пен біріктірілгеннен кейін, Halyk депозиттің мұрагері ретінде, мемлекеттік көмек сомасы Біріккен банктің балансына ауысты. Halyk жаңа заңнамаға сәйкес мемлекеттік көмекті қайтаруға бірінші болып кірісті және "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ депозитін мерзімінен бұрын ішінара қайтаруға 28,4 млрд теңге немесе төленетін дивидендтер сомасының 10,26% -ын қайтарды. Halyk – елдегі ең ірі қаржы институты", - делінген хабарламада. Айта кетерлігі, Halyk Bank акционерлерінің құрамына халықаралық, миноритарлық және жергілікті инвесторлар кіреді. Олардың үлесі Банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының 30%-дан астамын құрайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024