Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орыс еріктілер корпусы Ресейдің Белгород облысындағы селоға толық бақылау орнатқанын мәлімдеді

azattyq.org

Орыс еріктілер корпусы Ресейдің Белгород облысындағы селоға толық бақылау орнатқанын мәлімдеді

Ресейдің Белгород облысы Шебекино ауданындағы Новая Таволжанка селосы Орыс еріктілер корпусының бақылауына өткен. Украинаның бас барлау басқармасы ол жерде Ресей әскерінің полковнигі Андрей Стэсев өлгенін хабарлады. Ол Ресей әскерінің "Белгород" жедел тобына басшылық еткен.Орыс еріктілер корпусының Новая Таволжанканы алғанын корпустың өз жауынгерлері хабарлаған. Дүйсенбіде Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Ресей қарулы күштері мен әкімшілік өкілдері селоға кіре алмай тұрғанын жанама түрде растаған. Ол Новая Таволжанкада 100-ге жуық бейбіт адам қалғанын, көшкісі келмегенін айтқан. Орыс еріктілер корпусы өкілдерінің сөзінше, селода бейбіт адамдар жоқ."Белгород" жедел тобының қолбасшысы полковник Андрей Стэсев бұрын 104-шабуылдаушы десанттың полкін басқарған. Орыс еріктілер корпусы мен "Азат Ресей" Стэсевтен алған фотосуреттерді жариялаған.Бұған дейін Орыс еріктілер корпусы Ресей әскерінің он шақты солдатын тұтқынға алғанын мәлімдеген. Телеграм-арналар ол тұтқындардың аты-жөнін де анықтап үлгерген.Ресей қорғаныс министрлігі Украина жерінен диверсиялық топтар селоға кіргенін, бірақ көзі жойылғанын мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024