Алматыда қырғыз кәсіпкері екі айға қамалды
Қырғыз азаматы, Алматыдағы "Алтын орда" базары директорының орынбасары Ермек Марқабаев екі айға тергеу абақтысына қамалды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Алматыдағы бас консулы Назарәлі Әріпов мәлімдеді."Қазір адвокат жұмыс істеп жатыр. Бас консулдық Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне нота жіберген. Марқабаевтың өзімен кездесуді қарастырып жатырмыз. Туыстарымен жолықтық, толық мәлімет алдық", - деді бас консул.Марқабаев Алматы-Бішкек тас жолында 2 маусымда ұсталған.3 маусымда Қазақстанның ішкі істер министрлігі Telegram каналында оған қатысты есірткі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүрді деген айыптар тағылғанын хабарлаған."Алтын Орда" базарының әкімшілігі полицияға сүйеніп таратқан мәліметте тек қару-жарақ туралы сөз болған.Интернетте Марқабаевты қарулы күш тобының ұстап жатқан видеосы тараған. Оның жанында тұрған әйел есірткі затты әдейілеп қалтасына салып қойғанын айтып жатыр.Марқабаевтың Алматыдағы кәсібін бұрынғы билік тұсында тартып алынғаны, былтыр сот арқылы қайта қайтарып алынғаны және кәсібін жаңарту жұмысын жүргізіп жатқаны айтылады.
- Соңғы
- Танымал
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 24
-
- Қараша, 21
-
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 12
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 желтоқсан 2025
14 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар