Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Түркістан облысында 3000-ға тарта көлік айыптұраққа қойылды

alashainasy.kz

«Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы Түркістан облысында 3000-ға тарта көлік айыптұраққа қойылды

Жол көлік оқиғаларының алдын алу, оның салдарынан болатын апаттарға жол бермеу, адам өлімімен аяқталатын оқыс жайттарды болдырмау, жалпы жол қозғалысы ережесін бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында ҚР ІІМ М.Ахметжановтың тапсырмасымен "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасы іске қосылған болатын.

Бүгінде аталған жоба Түркістан облысында өз нәтижесін беруде. Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері бағдарлама көмегімен ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2 және 3–бөлігі "Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша 341 көлік жүргізушісін анықтады. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 28 жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. Айыптұраққа 2954 автокөлік қойылды. Мәселен тәртіп сақшылары «Қорғау» бағдарламасымен 13 миллион теңге берешегі бар Түркістан қаласы тұрғынының автокөлігін ұстады. Жедел қызмет еткен полицейлер республикалық маңызы бар трассалардың бірінен берешегі бар "Тойота" маркалы автокөлікті анықтады. Айта кетсек, бұл бағдарламада "Сергек" камералары, Жедел басқару орталығы мен полиция қызметкерлерінің планшеттеріндегі мобильді қосымша біріктірілген. Осы арқылы тәртіп сақшысының планшетіне дабыл түсіп, дер кезінде құқық бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері аталмыш мобильді қосымша көмегімен тексеруден өтпеген, айыппұлы төленбеген жақын маңдағы көліктерді және жол қозғалысы ережесін бұзудың басқа да жайттарын анықтай алады.Полицейлер жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Ал «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды. Десек те, әр азамат жол ережесін қатаң ұстануы қажет!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024