Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған

azattyq.org

Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған

Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдолла Худояров ұсталған. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік редакциясы - Радио Озодиге оның бауыры Фарход Худоеров хабарлап, Жунайдулло Худоеровты Тәжікстанда заңсыз қамап тастауы мүмкін екенін айтқан.Туыстарының сөзіне қарағанда, Жунайдулло Худоеровты 22 маусымда Ресейдің Ханты-Мансиийск автономиялы округінде ұстаған. "Біз жалдаған адвокат араласпаса, Жунайдуллоны жұма күні-ақ Тәжікстанға экстрадияциялап жіберетін еді",- дейді Фарход Худоеров.Озодиге түскен құжатқа қарағанда, Жунайдулло Худоеровты Тәжікстан "бұзақылық жасады" деп іздеу жариялаған. Белсенді бұл айыпты теріске шығарған.2017 жылы Жунайдулло Худоеров Тәжікстанда бес жылға соттталған. Оған "Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" қозғалысына қатысты" деген айып тағылған. Бірақ бір жылға жетпей рақымшылық заңымен босап, Ресейге жұмыс іздеп кеткен.Кейінгі жылдары Ресейден Тәжікстанға экстрадицияланған бірнеше белсенді түрлі желеумен көп жылға сотталған. Қоғамдық құқық қорғаушылар оларға тағылған айыптардың саяси астары бар деп санайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар