Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда полиция Ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап еткен фотографты ұстап әкетті

azattyq.org

Алматыда полиция Ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап еткен фотографты ұстап әкетті

Алматыда 6 шілдеде полиция бір адамдық пикетке шыққан фотограф Лейла Тұрлыбекті ұстап, Бостандық ауданы полиция бөліміне жеткізген. Тұрлыбек Алматыдағы Желтоқсан алаңындағы пикетінде Украинаға соғыс ашқан Ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап еткен еді. Оның плакаты мен футболкасында "Қазақстанның ҰҚШҰ мен ЕЭО-дан шығуды және ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап етемін" (плакаттағы орысша сөйлемді аударғанда орфографиясы мен грамматикасы сақталды – ред) деген жазу болды.- Біз қазір Ресейдің тауарын сатып алып, бұл елдің бизнесін қолдау арқылы Ресейдің украиналықтарды өлтіріп жатқан әрекетін де қолдап отырмыз. Адам өлтіріп жатқан Ресеймен қарым-қатынасты үзу керек. Соны айту үшін пикетке шықтым, - деді Тұрлыбек Азаттыққа.Фотограф алаңда 20 минуттай тұрған, кейін оған полицейлер келіп, акциясын тоқтатуды және полиция бөлімшесіне баруды сұраған."Қазақстан азаматы ретінде қазіргі жағдайға қатысты ойымды айтуға құқылымын" деді Тұрлыбек полицейлерге.Ал полицейдің бірі "мұныңыз түсінікті, бірақ әкімдік ресми рұқсат бермеді. Бізбен жүруіңізді сұраймыз. Сіз алдымен әкімдікке қайырылып, рұқсат алуыңыз керек, ал қазіргі әрекетіңіз заңсыз" деді фотографқа.Тұрлыбектің Азаттыққа айтуынша, полиция бөлімшеде одан түсініктеме алып, "әңгіме" жүргізіп, кейін босатқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар