Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Найзағай, жел: 13 мамырда ауа райы қандай болады?

newsroom.kz

Найзағай, жел: 13 мамырда ауа райы қандай болады?

13 мамырда синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің барлық аумағында дерлік жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет кейбір өңірлерде жоғары өрт қаупі бар екенін ескертеді, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Ақмола облысында – найзағай, бұршақ, нөсер күтіледі.

Алматы облысында – таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ұлытау облысында – найзағай күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды ​​облысында – желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында – күндіз найзағай ойнап, бұршақ, нөсер жаууы мүмкін. Облыстың шеткі оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында – тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында – желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысыда – Түркістан облысының шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында – найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында - қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында – Қазалы ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында – оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында – күн күркіреп, күндіз найзағай ойнайды, облыстың шығысында және оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада – екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 шілде 2024