Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕПУТАТ ПЕН ПРОФЕССОР САМБО КҮРЕСІНЕН...

turkistan.today

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕПУТАТ ПЕН ПРОФЕССОР САМБО КҮРЕСІНЕН...

Ақтау қаласында 11-16 мамыр күндері спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионаты өтті. Алғаш рет жалауы түрілген жарысқа 25 елден 500-ге жуық спортшы келіп, бақ сынап, өзара шеберліктерін байқады. Бес күн бойы спортшылар 62 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сары құрлық елдері арасындағы дүбірлі бәсекеден Түркістан облысының спортшылары да бос келмеді. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде 58 келіде өнер көрсеткен Еркебұлан Ахатов, 72 келіде Ақбота Қыдырәлі алтын медль алды. 80 келіде Ұлбосын Адилова мықтылығын дәлелдеп, алтын медаль иеленді. Кезекті жеңісіне қол жеткізген Әбдісалан Нұрмаханов атындағы облыстық ОРМБЖСМ шәкіртін білікті бапкер Мөлдір Беисембаева баптайды. Ал 71 келіде Нұрбек Нұрбаев пен 98 келіде Алмас Темірбай күміске қол жеткізді. Сондай-ақ 44 келіде Ақжібек Ұзақбаева, 54 келіде Гүлназ Өмірбек, 72 келіде Адина Абақова, 98 келіде Нұрхан Жамалхан қолаға қол жеткізді. 3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының жас самбошылары 32 алтын, 23 күміс және 42 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Осындай аламанда Облыс мерейін асырған самбошыларды тәжірибелі жаттықтырушылар Әбдісадық Халилаев, Қанат Арғынбаевтар жан-жақты дайындап барып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті.Қоса кетейік, самбо күресінің спорт шеберлері мен құрметті ардагерлерінің арасында да тартысқа толы жекпе-жектер өтті. Өз жас және өз салмақ дәрежесіне қарай Түркістан қаласынан M-1 сайысында Нышанбай Құдайбергенов (Түркістан қалалық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры) бірінші орын иеленсе, М-4 дәрежесінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бірінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, самбо күресінен әлемнің 5 дүркін чемпионы Әбдісадық Халилаев М-7 дәрежесі бойынша бірінші орынды иеленді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 маусым 2024