Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Нашақорлыққа жол жоқ»: атыраулық полицейлер мектеп радиосына сұхбат берді

newsroom.kz

«Нашақорлыққа жол жоқ»: атыраулық полицейлер мектеп радиосына сұхбат берді

Нашақорлық – қоғамды алаңдатып, ұлт саулығына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Оның ең осал бөлігі-жастар. Осы орайда, балалар мен жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, нашақорлықтан қорғау, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін көзделетін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқасқармасының қызметкерлері №41 мектеп-гимназиясындағы «41FM»радиосына сұхбат берді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Полицейлер 2000-нан астам оқушыға радио арқылы викториналық сұрақтар қойып, есірткі қылмысына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізді.

- Нашақорлық қоғам дерті. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін бүгінгідей ерекше тәсілмен жат әдеттердің зардабы туралы жиі айтылуы тиіс. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ,-деді мектеп оқытушылары.

Шара соңында нашақорлық зардабы туралы өткізілген хабарға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берген оқушыларға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері естелік сыйлықтар табыстады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 шілде 2024