Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақстанда шалқып жүрер еді»: Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады

paryz.kz

«Қазақстанда шалқып жүрер еді»: Бекболат Тілеуханның жерде тамақ ішіп отырған видеосы тарады

Видеода бір топ азамат жерге дастархан төсеп, асқа кіріскелі жатыр. Төрде Бекболат Тілеухан да отыр.

«Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?», — дейді Тілеухан түрік тілінде.

Видеоны жариялаған адам жақсы адамдардың ортасында Меккеге апаратын жол ретінде ниет етіп отырғанын айтады.

«Меккеге баратын қадамдардың бірі деп тілейік. Жақсы адамдармен отырмыз. Меккеде жейтін тамақ», — дейді видеоның авторы.

Видеоның астына жазылған пікірлердің қарасы өте көп. Кейбіреуі жат жерде жүргеннен гөрі, Қазақстанда жақсы күн кешетінін айтқан.

«Кімнің балконында отырсың, Бекболат? Елде болсаң, бөлменің төрінде отырар едің. Ойбай, мынаған не болған. Бекболат аға, бұрын сізге қарап, қазақ болғаныма қуанатын едім. Дастарханның мәнісі болмай тұр, Қазақстанда шалқып, қазы-қарта жеп жүр едіңдер, қайран қазағым. Бекболат депутат болғандар тәуір еді», — деп жазған олар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2024