Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Бірнеше еркекке сыйға тартты, әрқайсысынан бала тудым»

kaz.365info.kz

«Бірнеше еркекке сыйға тартты, әрқайсысынан бала тудым»

Әлеуметтік желіде Шымкент тұрғыны жат ағымның жетегінде кеткендер мен «Ділмұрат ахиге» қатысты үндеу жариялады. Ол өзімнің және бала-шағасының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін айтпаған. Ділмұрат ұстаздың уағызын тыңдап келген ол жат ағымдағы жігіткен тұрмысқа шыққан екен. Сұмдық осы жерден басталған. «Көп ұзамай, өзімнің бауырым деген екінші салаф бауырға мені сый ретінде, зат ретінде сыйлады. Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне зат ретінде сыйлап кете берді. Әр тұрмыста мен балалы болып отырдым», – дейді ол. «Имамдарды тыңдама дейсіздер, олар адасушы дейді. Олар емес, сіздер адасқансыздар. Шетелге қашып, елге іріткі салып, қазақ келіншіктерін жақсы жолдан тайдырып, шүберек қылып пайдалануға насихаттап отырған сіздерсіздер. Қыз-келіншектерге айтарым, салаф бауырлардың алдауы мен арбауына түспеңдер. Тұрмысқа шықпаңдар. Жәннат кілті – ана табанының астында. Менің көз жасым, балаларымның көз жасына қалған Ділмұрат ақыретте көз жасымның ақысын сізден аламын. Қыз-келіншектердің жылауына, көз жасына сен жауаптысың», – дейді видео авторы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2024