Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады». Ауғанстан қазақтары қандай қысым көріп жатыр?

kaz.365info.kz

«Намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады». Ауғанстан қазақтары қандай қысым көріп жатыр?

Елдегі қуғын-сүргін, ашаршылық кезінде Ауғанстанға қоныс аударған қазақтардың қазіргі тұрмыс жағдайлары мүшкіл. «Жалғыз жолаушы» YouTube арнасына берген сұхбаттарында олар талибандар билейтін елде тіпті домбыра шертуге болмайтынын айтқан. «Домбыра шертуге рұқсат бермейді. Шариғат бойынша болмайды дейді. Егер домбыра шерткенімізді көрсе, намаз оқымасақ, сақал қоймасақ ұрады, жәбір көрсетеді. Мешітке кім келді, кім келмеді тексеріп отырады. Келмегендерді молда айтып береді, оларды түрмеге қамайды», — дейді олар. Ауған жеріндегі қазақтардың айтуынша, балалары мектепке бармаса да, құран сабағына қатысады. 17 үйден ғана тұратын қазақ ауылынан екі қари шыққан. «Бұл жерде мектеп жоқ, құран сабағына бардым. Жақында қари болдым», – дейді Ғабділсалам.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2024