Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий теңізінде азаматтарды құтқарған әскери теңізшілер марапатталды

newsroom.kz

Каспий теңізінде азаматтарды құтқарған әскери теңізшілер марапатталды

Теңізшілерді Ақтау портында әскери үрмелі аспаптар оркестрімен салтантты жағдайда қарсы алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Қорғаныс министрі атынан кеме командирі Нұрбек Талғатқа және жеке құрам мен барлық экипажға көрсеткен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Ол сондай-ақ штурмандық жауынгерлік бөлім командасының старшинасы аға матрос Әзімхан Әмірхановқа грамота мен бағалы сыйлық табыс етті. Жоғалған адамдардың орнын тез және дәл анықтауға оның гидрометеорологиялық жағдайды түсіндіру және техникалық құралдармен сенімді жұмыс істеу қабілеті көмектесті. Радиолокациялық станцияның көмегімен теңіз секторын зерттегеннен кейін ол теңізде жоғалған адамдарды іздеп тапты.

Естеріңізге сала кетейік, жоғалған азаматтар туралы хабарлама Әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлынан сағат 20.00 шамасында келіп түскен болатын. Төрт сағаттан соң жоғалған спортшылар кемеге көтерілді. Олар жағалаудан

5-6 миль қашықтықтағы "Жартасты" мүйіс аймағынан табылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 маусым 2024