Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда кеурек пен қызыл мияны жұлуға тиым салынды

turkistan.today

Түркістанда кеурек пен қызыл мияны жұлуға тиым салынды

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

«Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, былтыр «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң қабылданып, күшіне енген болатын. Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиілеген. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде табиғи популяциясының қалпына келуі үшін қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Енді оларды заңсыз қазғандарға шара көрілетін болады», – деді Қайрат Амангелдіұлы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2024