Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ұл сұрадым»: Медеу Арынбаев әйеліне айтқан сөзі үшін өзін кешірмейтінін айтты

paryz.kz

«Ұл сұрадым»: Медеу Арынбаев әйеліне айтқан сөзі үшін өзін кешірмейтінін айтты

"Қызды болатын кезім. Жігіттермен бас қосып, тойлауды бастап кеттік. "Құдай қаласа екіншісін күтіп жатырмыз. Құдайдан ұл тілеп отырмын" дедім. Әйелімді перзентханаға алып кетті. Үйде аналарымыз күтіп жатыр. Сол кезде келіншегіме қолдау білдіріп, демеу болуды ойламаппын. Қайтеміз сол кезде оңбадық қой. Балалық болды ма? Шалалық болды ма? Өзімді сол үшін әлі кешірмеймін. Түннің кезінде маған қоңырау шалып, қыз дүниеге келгенін айтты. Таңғалып қалдым. Кейін қызым үйге келген соң, ұл бала қолдан тарта береді. Қыз баланың жөні бөлектеу екен. Қырқынан шыққан соң қызыма деген сүйіспеншілігім ерекше болып кетті. Әлі күнге дейін сондай. Күнде кешірім сұраймын. Сол кезде айтқан иттігімді кешірмеймін", – деді ол "Ұрпақ" подкастында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаевтың әйелі осыдан 13 жыл бұрын өмірден өткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2024