Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

kaz.365info.kz

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

Алматыда автобустың жолақысы өсуі мүмкін. Әкімдіктегілер құнын 100 теңге емес, енді 120 теңге қылып бекітуді көздеген. Ал 200 теңгелік қолма-қол төлемді мүлдем алып тастамақ. Шаһарда жол жүру бағасы былтыр жазда ғана көтерілген. Биыл тағы да автопарктер қолданыстағы тариф «тиімді емес» деп, көтеруді сұрап шағым түсірген. Өздерінің есебінше, 100 теңге бар шығынды жабуға жетпейді. Оның ішінде көлік бөлшектері, жанар-жағар майы мен жүргізушілердің жалақысына дейін бар. Кірістен гөрі, шығыс көбейген. Субсидия мөлшері де жыл санап өсіп жатыр. Мәселен, былтыр қоғамдық көлікке 70 миллиардқа жуық теңге бөлінсе, биыл 100 миллиардқа дейін барып қалуы мүмкін. Бұл жергілікті бюджетке айтарлықтай салмақ. «Былтыр біз 10 маршрут аштық. Қарасай, Талғар, Іле ауданына. Биыл біз тағы 20 маршрут ашамыз. Ол жерде Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле ауданы бар. Бәрін тасымалдаушыларға ұсынудамыз. Схемасы аяқталып қалды. Қаладағы шағын аудандар мен жаңа үйлердің, халықтың көбеюіне байланысты тағы да маршруттар қарастырып жатырмыз», – дейді Алматы мобильді басқармасының бөлім басшысы Азамат Ешанқұл.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 шілде 2024