Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

kaz.365info.kz

Елімізде 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақыны өсіру туралы үкімет қаулысына қол қойды. Жаңа нормаға сәйкес, колледж студенттеріне арналған шәкіртақы 50% артып, сұраныстағы кәсіптер үшін 43 574 теңге және орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20% көбейіп, 47 135 теңгеге жетеді. Ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер 75 600 теңгеге дейін алады. Интернатура студенттері 85 376 теңге, ал резиденттер 123 122 теңге көлемінде шәкіртақыға ие болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 шілде 2024