Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын»: желіде мәһрге 20 мың доллар сұраған қалыңдықтың ВИДЕОсы тарады

paryz.kz

«Аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын»: желіде мәһрге 20 мың доллар сұраған қалыңдықтың ВИДЕОсы тарады

Имамның «мәһр ретінде қандай неке сыйлығын сұрайсыз?» деген сұрағына қалыңдық акция сұраған. «20 мың доллар көлеміндегі акция сұраймын», - дейді ол. Имам «20 мың доллар, мәссаған!» дейді таңданысын жасыра алмай. Содан кейін имам 20 мың долларды теңгеге шақса, неше теңге болатынын, күйеу жігіттен оны беруге шамасы келе ме екенін нақтылайды. Күйеу жігіт бұл соманы беруге мүмкіндігі бар екенін айтады. 20 мың доллар теңгеге шаққанда 9,4 млн теңге болған. Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырған. Кейбіреуі 20 мың доллар қазір түк емес екенін жазса, кейбірі қалыңдықтың асыра сілтегенін сөккен. «20 мың доллар дегені түк емес деп ойлаймын. Доллар дегенді естіп, шошып отырған болар. Ол қаржыға жақсы көлік немесе жер келе ме? Жігіт неге жылайын деп отыр? Күйеуі қиналып тұр ма? Бақыт ақшада емес. Жігіттің миы қорытпай қалған сияқты», - деп жазған олар. Қалыңдық оларға жауап ретінде «аспандағы Айды сұрап отырған жоқпын» деп жауап берген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024