Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген қыздың үйіне күзет қойылды

paryz.kz

Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген қыздың үйіне күзет қойылды

Тоғанованың айтуынша, оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін ол бірден жәбірленген қызбен және оның анасымен кездескен. Кездесуден кейін қызға үш рет психологпен кеңес ұйымдастырылып, облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен толық медициналық тексеру жүргізілген. Қыздың жағдайын ескере отырып, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызуды ұсынғанымен, анасы бұл ұсыныстан бас тартты. Осыған байланысты, медициналық көмек үй жағдайында көрсетілуде. ”Тексерулерден кейін де жасөспірімге бірнеше рет психологиялық қолдау көмектері көрсетілді. Анасының айтуы бойынша, уақытылы алған көмектің нәтижесінде баланың жағдайында оң өзгерістер бар. Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Әрине, барлық іс-әрекеттер мен көмектер анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады. Алдағы кезеңде де мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан барлық көмектер уақытылы жасалатын болады,” - делінген хабарламада.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024