Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павел Дуров 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

kaz.365info.kz

Павел Дуров 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павел Дуров 25 тамызда Францияда қамауға алынды. Ол Әзірбайжаннан келіп, жеке ұшағынан түсіп жатқан кезде ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол өз платформасында көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуына жол берді. Сондай-ақ оны «есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтыққа» қатысы бар деп есептейді. Павел Дуров 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол Франция азаматы ретінде сот алдында жауап береді. Еске салсақ, Павел Дуров ресейлік кәсіпкер, ВКонтакте, Telegram әлеуметтік желілерінің жасаушысы. «Telegram Еуропа Одағының заңдарын, соның ішінде Цифрлық қызметтер туралы заңды қатаң сақтайды – оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram басшысы Павел Дуровтың елден жасыратын ештеңесі жоқ және ол Еуропада жиі саяхаттайды. Платформаны теріс мақсатта пайдаланғандар үшін осы желі немесе оның иесі жауапты деу – ақылға қонымсыз. Біз бұл жағдайдың тезірек шешілуін күтеміз. Telegram өздеріңізбен бірге», – деп мәлімдеді компания ресми парақшасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024