«Әскерде интимдік шекара жоқ»: Дина Төлепберген Ербаянның оқиғасына қатысты сұмдық жайтты айтты
БАҚ өкілінің көмекшілері Ербаян борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге барып, полковниктен пікір алған. “Есінен танып құлады ма әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматы секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты", – деп мәлімдеді журналист. Одан кейін полковниктің түсіндіруінше, сарбаз “Очко” деген жерде дәрет сындырғаннан кейін шалқасынан құлаған. “Очко” деген сөзін түсініп тұрғаным жоқ. Интернетте "очко" деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі “очкода” Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты", – дейді Дина Төлепберген.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
7 қазан 2024