Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бүтін бір ауыл екі айдан бері сусыз отыр

kaz.365info.kz

Бүтін бір ауыл екі айдан бері сусыз отыр

Павлодар облысында бүтін бір ауыл екі айдан бері сусыз отыр. Бұған су тазарту стансасының істен шығуы себеп болған. Ақсу ауылдық аймағына қарасты Спутник ауылында бар-жоғы 300-дей тұрғын бар. Тіршілік нәрін ауылдағы су тазарту стансасынан алады. Алайда оның өзі 2 айдан бері жұмысын тоқтатқан. Халық суды қаладан тасып ішуге мәжбүр. «Ішетін суды дүкеннен сатып алам. Оның құны шамамен 300 теңге. Күнде су алуға ақша жоқ. Анамның үйінен барып әкелем. Ол тұщы суды тазартатын қондырғы қойған. Ай сайын 20 мың теңге төлейді. Ал ауылға тартылған су шаруашылыққа арналған. Тіпті, онымен кірде жуа алмайсың. Киімдер ағарып қалады. Су өте тұзды», – дейді Спутник ауылының тұрғыны Лариса Брус. Ауыл халқы жаз бойы суды алыстан тасып ішіп келген. Енді қыс түссе тасып ішу де қиын болатынын айтады. Ал ауыл әкімі «су тазарту стансасы менің құзыретіме кірмейді» деп отыр. Екі ортада тұрғындар қиналып отыр. «Су «Теміржол су Павлодардың» балансынан Ақсу қаласының коммуналдық балансына аударуға шешім қабылданды. Жаңғыртуға ақша бөлініп тұр. Соны мемлекеттік сатып алу жариялап, жөндеп Алла жазса, осы жыл деп отырмыз», – деді Достық ауылдық окрігінің әкімі Айгүл Бекбергенова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қазан 2024