Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павел Дуров қамаудан шыққаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін жасады

ktk.kz

Павел Дуров қамаудан шыққаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін жасады

Дуров бұл өзі үшін күтпеген жағдай болғанын атап өтіп, француз билігі өз шағымдарын жеке өзіне емес, Telegram-ға жолдауы керек еді деген пікір білдірді.

«Егер бір елдің интернет қызметіне көңілі толмаса, қалыптасқан тәжірибе бойынша бұл қызметтің өзіне қарсы сотқа шағымдануы керек еді. Бас директорды өзі басқаратын платформада үшінші тұлғалар жасаған қылмыстар үшін айыптауға смартфондар пайда болғанға дейін қолданылған заңдарды қолдану – қате тәсіл», - деп жазды Дуров өзінің Telegram арнасында.

Ол, сондай-ақ, егер бұл құралдардың ықтимал теріс пайдаланылуы үшін жеке адам жауапты болуы мүмкін екенін білсе, ешбір инноватор ешқашан жаңа құралдарды жасамайтынын қосып айтты.

Оның айтуынша, құпиялылық пен қауіпсіздік арасындағы дұрыс тепе-теңдікті сақтау қиын, өйткені құпиялылық туралы заңдарды әртүрлі ведомство талаптары мен заңдарымен үйлестіру қажет.

«Платформа ретінде сіз өзіңіздің процестеріңіздің бүкіл әлем бойынша дәйекті болуын және заң үстемдігі әлсіз елдерде қиянатқа ұшырамауын қалайсыз. Біз дұрыс теңгерімді табу үшін бақылаушы органдармен өзара әрекеттесуге тырысамыз», - деп атап өтті кәсіпкер.

Ол, сондай-ақ, компанияның ЕО-да сұраулар жіберуге болатын ресми өкілі бар екенін атап өтті.

Дуров Франция билігінің өтініші бойынша лаңкестікпен күресу үшін Telegram арқылы сенім телефонын құруға көмектескенін баяндады.

Сондай-ақ, ол мессенджерді «анархистік жұмаққа» айналды деген айыптауды жоққа шығарды.

Оның айтуынша, пайдаланушылар санының 950 млн-ға дейін өсуі қылмыскерлерге платформаны өз мақсаттары үшін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа сынақтарға әкелді. Болашақта Дуров Telegram-ды теріс пайдалану мүмкіндігіне қатысты жағдайды жақсартуға ниетті.

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Павел Дуров 24 тамызда Париждің Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған.

Илон Маск Дуровтың ұсталуын сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші түзетудің «жарнамасы» деп атады.

Ал Telegram командасы платформадағы қиянат туралы айыптаулардың ақылға қонымсыз екенін айтты.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2024