Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда көз жұмған сарбаздың әкесі жанайқайын жеткізді

kaz.365info.kz

Ақтауда көз жұмған сарбаздың әкесі жанайқайын жеткізді

Маңғыстаудағы полигонда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасап, қорғаныс министрінен істі толыққанды тергеуді сұрады. Марқұмның әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтинант қарумен ойнап отырғанда болған. Сол кезде абайсызда тапанша атылып кетіп, оқ сарбаздың бетіне тиген. «Жалғыз ұлым әскерге тірідей кетіп, табытпен қайтты. Ақтау қаласының әскери округіне бара жатырмын. Ұлымды тапаншамен бетінен атқан. Бұл оқыс оқиға дейді. Офицер қарумен ойнап отырып, ол аяқастынан атылып кеткен дейді. Мен Қорғаныс министрінен бұл істің жазатайым оқиға ретінде қарастырылмауын сұраймын. Бұл жазатайым оқиға емес. Тапаншадан ату үшін патронын салып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойнайтын ойыншық емес. Қазір оны қамауға алды дейді. Істі тоқтатқысы келуі мүмкін», – деді сарбаздың әкесі. Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024