Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім - Мұрат Әбділда

paryz.kz

Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім - Мұрат Әбділда

Мұрат Әбділда абақтыдан шыға сала бірден туған ауылына барды. "Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын, – деді Turkistan TV арнасына берген сұхбатында. Еске сала кетсек, сот абақтыдағы блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмаған еді. Осылайша 2022 жылы желіде әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 желтоқсан 2024