Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шықпайды

kaz.365info.kz

Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шықпайды

Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды. Қонаев қаласының соты «Шыны королін» мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жойды. Яғни, енді ол осыған дейін кесілген 10 жарым жылын толық өтеуі тиіс. Сотта марқұм Ержан Тәтішевтің баласы әкесін өлтірген қылмыскерді аямауды сұрады. Ал Тоқмәдидің өзі балалары мен немерелері барын алға тартып, мерзімінен бұрын бостандыққа жіберуді өтінді. Кейін түрмеде жатып, 13 жыл бұрынғы қанды қылмысты істегенін мойындады. Яғни «Тұран Әлем банк» төрағасы Ержан Тәтішевті қасақана өлтіргені туралы айтып берген. Сол кезде қылмысты қашқын олигарх Мұхтар Әбіләзовтің тапсырысымен жасағанын мәлімдеген. Бұл үшін Әбіләзовтан 4 миллион доллар ақша алған. Осылайша 2018 жылдың наурыз айында оған тағы үкім кесіліп, Тоқмәди он жарым жылға сотталды. Енді ол сол жазасын толық өтейтін болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024