Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Таза Қазақстан»: Таразда 1000-ға жуық ағаш отырғызылды

zhambylnews.kz

«Таза Қазақстан»: Таразда 1000-ға жуық ағаш отырғызылды

Жамбыл облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1000-ға жуық терек ағашы отырғызылды.

Акция Ы.Сүлейменов көшесінен «Ұлы дала» шағынауданына өтетін жолдың бойында ұйымдастырылды.

Игілікті іске облыс, қала әкімі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық экология департаменті, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, жастар, жеке кәсіпкерлер және ардагерлер белсене қатысты.

Ербол Қарашөкеев акцияға қатысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Тараз қаласы әкімдігіне абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі жүргізуді міндеттеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қыркүйек 2024