Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Шанхайдағыдай Диснейленд салынады

kaz.365info.kz

Астанада Шанхайдағыдай Диснейленд салынады

Астанада «Жібек жолы» деп аталатын Шанхай қаласындағыдай Диснейленд салынады. Жобаға тартылатын инвестиция көлемі 10 млрд доллар шамасында болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «Астана архитектура» Instagram парақшасы мәлімдеді. Осы ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өткен. «Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Astana Invest» кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш «ULKENBAY» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. «Жібек жолы» деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады» делінген хабарламада. Ақпаратқа қарағанда инвесторлар жоғары сапа мен бірегейлігін сақтау үшін жобаға Шанхайдағы кешенді жасаған жобалаушыларды тартуға мүдделі. Парктың негізгі мәні – балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, ойын түрлері арқылы қос ел мәдениетінің әралуандығы мен байлығымен таныту. Жобаға 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады. Оның жалпы ауданы 400 га асады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қыркүйек 2024