Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Хиджаб дауы: Мектепке қатысты заңды әр ата-ана қатаң ұстануы керек

kaz.caravan.kz

Хиджаб дауы: Мектепке қатысты заңды әр ата-ана қатаң ұстануы керек

Мектеп оқушылары орамал тағу-тақпауға қатысты БАҚ тағы жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оған басты себеп сайттар мен әлеуметтік желілерде «ҚР жоғарғы соты орамал тағуды заңдастырыпты» деген ақпарат болатын. Әсіресе Инстаграм, Тик-Токта түрлі роликтер шығып кетті. Кей сайттар да ақпараттың рас-өтірігін тексерместен жариялап жіберіп, қоғамдағы дауды тағы өршітіп алғандай.

Соттың былай деп таныған тұсы бар: «Мектептің оқушыны сабаққа кіргізбеуі – заңсыз, себебі білім алу құқығы – ҚР азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі». Яғни, кез келген балаға білім алуға рұқсат етілген. Бірақ бұл, «мектепке мектеп формасы деп танылған киімнен өзге киімді киіп келуге рұқсат» дегенді білдірмейді.

Құқық қорғаушы Жаслан Аймағамбетов оқушы қыздың орамал таққаны үшін мектеп қабырғасында білім алуына шектеу қою мәселесін көтеріп, Жоғарғы сотқа жүгінген. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соттың шешімін жариялады. Оның айтуынша, мұндай шешімді осының алдында төрт өңірдегі сот та қабылдаған. 

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қыркүйек 2024