Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұздағы көпқабатты тұрғын үйлерге 1 қазанға дейін жылу беріледі

ktk.kz

Екібастұздағы көпқабатты тұрғын үйлерге 1 қазанға дейін жылу беріледі

«Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барып, Екібастұз ЖЭО-дағы және жылумен жабдықтайтын магистральдік желілердің жөндеу жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы ЖМ-1 және ЖМ-3 жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстарының аяқталуын тексерді. 28 қыркүйекке дейін мамандар желілерді жуу, толтыру жұмыстарын жүргізеді және гидравликалық сынақтан өткізеді.

Бүгінгі таңда кеншілер қаласындағы 79 әлеуметтік нысанның 75-і және 702 көпқабатты тұрғын үйдің 44-і жылуға қосылған. Ал 1 қазанға дейін көпқабатты тұрғын үйлерді қосу міндеті қойылды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Ал Павлодар қаласының басшысы Хасар Хабылбеков жергілікті жылумен қамту мекемелеріне 30 қыркүйекке дейін облыс орталығындағы барлық көпқабатты тұрғын үйге жылу кіруі керек деген тапсырма берді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2024