Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер кешірім сұрады
Өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, жұртқа жақпай қалды. Оның Мұқағалиды «сорлы еркек» деген видеосы желіде тарады. Оның ақиық ақын Мұқағали туралы пікірі әлеуметтік желіде дау тудырды. «Мұқағали Мақатаев жалпы «жаловаться» ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай» дейді. «Ей, сен бл… (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой», – деген еді блогер. Кейін бұл сөзі үлкен шу туғызып, блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болған. «Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын», – дейді Теменов.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024