Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады. «Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыстың салдарынан ресторан иесіне 46 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілген, Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында. Биыл мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
4 қараша 2024