Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Илон Масктың анасы Қазақстанда сәбидің тұсауын кесті

kaz.365info.kz

Илон Масктың анасы Қазақстанда сәбидің тұсауын кесті

Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктің анасы Мэй Маск Қазақстанға келіп тұсау кесті. Мэй Масктің Қазақстанға келгенін Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева желідегі парақшасында жариялады. Ол Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына келген. Әйгілі Илон Масктің анасы Мэй Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болып өзі де соған қатысты. Нақтырақ айтқанда Мэй Маск тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына себепкер болды. Бүлдіршіннің отбасы да Мэй Маскті құр қол жібермей шапан жауып, саусағына жүзік таққан. Мэй Маск — канадалық және оңтүстік африкалық модель. Үш баланың анасы: ұлдары Илон Маск, Кимбал Маск және қызы Тоска Маск. Ол 50 жыл бойы модель ретінде жұмыс істеді, «Time» сияқты танымал журналдардың мұқабаларында көрінген. Модельдік мансабымен қатар, Мэй Маск диетология саласында да белсенді қызмет атқарды. Диетолог ретінде Канададағы барлық провинцияларда және АҚШ-тың 39 штатында лекция оқыған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2024