Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбеген әуе компаниясы 5 млн теңге өтемақы төлейді

kaz.365info.kz

12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбеген әуе компаниясы 5 млн теңге өтемақы төлейді

Әуе компаниясы 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндетті. 12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбегені үшін сот осындай шешім шығарды. Бұған дейін отандық лоукестер әуе тасымалына қатысты заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынған еді. «Алматы қаласының Түрксіб ауданы соты Air Astana компаниясына қарасты Fly Arystan Астана-Орал бағытында 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін оның анасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал қыркүйекте сот әуе компаниясын авиация заңнамасын бұзғаны үшін мемлекет бюджетіне 3 миллион 692 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді», – деді адвокат Данилхан Шағатаев. Әуе тасымалдаушы мен жолаушы арасындағы бұл дау шілде айында басталған. Астанадан Оралға ұшпақ болған Жазира Мусинаның 12 жастағы егіз қыздарының біріне ұшақта орын табылмаған. Осылайша жалғыз өзін Астана қаласының әуежайына тастап кетті дейді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бас қатырмады деп, әйел аталған компанияны сотқа берді. Ал тасымалдаушы бейбіт келісімге келуге шақырып, 4 млн теңге ұсынғанын Зеренің анасы әлеуметтік желіге жазған. Ал қыркүйек айында компания мемлекетке 3 жарым млн теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелген еді. «Сот қанағаттанарлық шешім шығарды. Біз үшін өтемақының көлемі маңызды емес. Ең бастысы, іс жүйелі түрде қаралып, соңында қаулы қабылданды. Мұндай жағдайлар енді Fly Arystan компаниясына сабақ болды деп ойлаймын. Балаларды ересек адамсыз рейстен түсіріп, тастап кетуді тоқтатады деген үміттемін», – деді Жазира Мусина.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қараша 2024