Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Депутат ағаларын қосып…»: Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

kaz.365info.kz

«Депутат ағаларын қосып…»: Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Бұл туралы Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова хабарлады. Бірақ жәбірленуші тарап алдыңғы істің қысқартылғаны туралы заңсыз шығарылған қаулыны жарты ай уақыт өтсе де әлі алмаған. «Бас прокуратураға жазылған шағымның, әлеуметтік желідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық. Сонда да қайтадан «крышаларын», депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық», – деп жәбірленуші қыздың адвокаты желідегі парақшасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 желтоқсан 2024