Астанадағы баяу бұрқасын: елордалық ТЖД тұрғындарға үндеу жолдады
Қалалық ТЖД жүргізушілерден қозғалыс кезінде өте сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті „Қазгидромет“ РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран күтілетінін хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады», — деп ескертті құтқарушылар.
Ведомство жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды сұрады.
Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
— ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
— балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
— егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;
— үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
— қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
— қатты желде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
— жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2024