Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда жалғыз Бишімбаев қана қатынын өлтіріп пе? – Айгүл Орынбек

kaz.365info.kz

Қазақстанда жалғыз Бишімбаев қана қатынын өлтіріп пе? – Айгүл Орынбек

10 қарашада әлеуметтік желілерде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты «колониядан табу мүмкін болмады» деген ақпарат тараған. Артынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Енді қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек осы шуға қатысты пікір білдірді. «Қазақстанда жалғыз Бишімбаев қана қатынын өлтіріп пе? Жазасын алды, енді неге жайына қалдырмасқа? Жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірудің не қажеті бар? Тақырып керек болса, әділдіктің орнауын қаласаңыздар, Шымкентте неке түні қайтыс болған қыздың ісін көтеріңіздер! Әлде ол қыздың әкесі немесе ағасы жоқ болған соң, бұл іс қызық емес пе? Бұл істің Салтанаттың ісімен еш айырмашылығы жоқ. Себебі ол түні неке қидырған соң, жігіт кафеде отырып ішімдік ішкен. Содан құрбысы бәрі үйіне барған, ал таңда қыздың анасына «қызыңыз қайтыс болды, моргтен алып кетіңіздер!» деген хабар келген. Бұл іс дұрыс тергелмеген, жігітке жеңіл жаза беру үшін бір жақты тергелген деп баға беремін. Себебі куәгер қыздың статусы дұрыс сараланбаған. Қылмысты жасырудың өзі қылмыс!», – деп жазды заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 желтоқсан 2024