Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда өзенге құлаған баланы құтқарған азамат марапатталды

ktk.kz

Алматыда өзенге құлаған баланы құтқарған азамат марапатталды

2024 жылғы 27 қазанда Алматыда болған баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорда қаласының тумасы Әлихан Жақсылық "Суға батқанды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Марапатты Төтенше жағдайлар министрінің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады.

«Шұғыл іс-әрекетіңіздің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, баланың өмірін құтқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз», - деді ТЖД басшысы.

25 жастағы азаматтың айтуынша, 27 қазан күні Қызылорда қаласынан жалға алатын пәтер іздеп келген Әлихан сағат 14:00 шамасында Есентай өзені Мақатаев көшесінің қиылысындағы жағалауында балалардың көмек сұрап айқайлағанын естіген. Бала Есентай өзенінің каскадында тұрып, суға құлап, оны қатты ағын алып кеткен екен. Қас қағым сәтте өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Ә.Жақсылық дереу темір қоршаудан секіріп, суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

Айта кеткен жөн, жас жігіт Қызылорда облысының "Болашақ" университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 2020 жылы бітірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қараша 2024