Мектеп инспекторларының штаты неліктен қысқартылды
«Мектептің» полиция инспекторлары институты (кәмелетке толмағандар арасындағы, әсіресе білім беру мекемелеріндегі қылмыстың «өршіп кетуіне» ден қоюдың мәжбүрлі шарасы ретінде) 2000 жылы құрылды. Олардың негізгі міндеті бөгде адамдардың мектептерге кіруіне және тыйым салынған заттарды алып өтуіне жол бермеу болды», - деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының дерегінше, бүгінгі таңда әкімдіктер мектептердің 84 пайызын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. Нақты айтқанда еліміздегі 8 898 мектептің 7 221-і бейнебақылау жүйесімен қамтылды, деп жазады kazinform.
«Сонымен бірге «мектеп» инспекторлары іс жүзінде педагогтерді алмастыра отырып, өздеріне тән емес функцияларды (тәртіпті қамтамасыз ету, сабаққа келмейтін балаларды сабаққа әкелу және т.б.) орындай бастады. Осыған байланысты Президент Әкімшілігімен келісу бойынша мектеп инспекторларының штаттары қысқартылып, учаскелік инспекторлардың саны (әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және кәмелетке толмағандардың істері бойынша) артты. Жалпы, тәрбие жұмысы заманауи үрдістерге сәйкес үнемі жетілдірілуде», - деді Премьер-Министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
15 қараша 2024