Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайда жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды

kaz.365info.kz

Қостанайда жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды

Қостанай облысында жаназаға дейін ас беруге және бірнеше рәсімдерге тыйым салынды. Өңірдің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы ысырапшылдыққа жол бермеу үшін марқұмды соңғы сапарға шығарып салмай тұрып, бір күн берілетін қонақ асын тоқтатылғанын айтады. Аймақта жаназадағы кей рәсімдерге де шектеу қойылды. Мәселен қонақ асындағы ас мәзірі бірдей болу керек. Яғни дастарханға бауырсақ, нан, кәмпит пен өзге де тәттілер, су, шәй және тек ыстық тамақ қана қойылу тиіс. Сондай-ақ жаназаны жиналысқа айналдырмас үшін үш адамнан артық сөз сөйлеуге болмайды. Марқұмның жылдық асында көрсетілетін бейнероликтердің әуеніне де мән берілу керек. Бейнеде ішімдік пен ашық киінген адамдар болмағаны дұрыс дейді имам.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024