Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақтың тойы бітсін! Қадірі кетті» – Ермек Тұрсынов

paryz.kz

«Қазақтың тойы бітсін! Қадірі кетті» – Ермек Тұрсынов

«Қазақтың тойы бітпесін дейміз. Мен үшін қазақтың тойы бітсін осымен! Нені тойлай береміз? Тойдың қадірі кетті ғой. Той емес, жарысқа айналып кетті. Біреу 500 адам шақырса, анау 1000 адам шақырады», дейді Е.Тұрсынов. ЖОЛДЫҢ БОЙЫ ТОЛҒАН ТОЙХАНА Сондай-ақ ол Алматы мен Талғардың арасындағы жолдың бойына тойхана қаптап кеткенін де атап өтті. Ылғи сенбі, жексенбі күндері тойханаларға адам толып, аузы-мұрнынан шығып тұратынын жеткізді. «Біреу тұсаукесер өткізіп жатады, біреу мектепке түсті, біреу мектеп бітірді, ал енді бірі институтқа түсіп, тағы біреуі кандидат, доктор болып жатыр. Ал енді бірі кредит алып, үйленіп жатыр. Одан кейін орлар ажырасып кетіп, несиені әке-шешесі төлеп жүреді», деген Тұрсынов мұндай «комедия» Қазақстаннан басқа бірде-бір елде жоқ екенін айтып қынжылды. Осылай деген Е.Тұрсынов әлемді екі рет айналып шыққан адам ретінде ешбір елден мұндай жағдайды кездестірмегенін айтты. «Ананың бәрі қайыршы, мынаның бәрі бейшара, бәрі жұмыссыз. Бірақ, той – это святое», дейді Ермек Тұрсынов.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024