Атыраудағы Азия мен Еуропаны жалғайтын көпірде сызат пайда болды
Жайық өзенінің Махамбет ауданы аумағында орналасқан, Еуропа мен Азияның жалғап тұрған құны 10 миллиард теңгеге жуық көпір жартылай жабылып, жүк көліктері жүрмейтін болды. Себебі көпірде сызат пайда болған. Жергілікті әкімдік қажетті жұмыс көлемін анықтау үшін көпірге техникалық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. «Бұл ақауды кеше ғана біліп, қауіпсіздік шаралары алына бастады. Жарықтар Махамбет ауылы мен Жалғансай ауылы тұсындағы көпірдің дәл орта тұсындағы белдеуде орын алып отыр. Осыған орай бұл көпірден өтуге ауыр жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынуда. Ал жеңіл көліктерде анабір салмақ болмауына байланысты жылдамдықты азайту арқылы, яғни 20 км/сағатпен өтуіне рұқсат берілді. Көпір жөнделгенше, түсіністік танытып, жолда жүру ережелерін сақтауды сұраймыз. Көпірге арнайы жол белгілері орнатылады», – дейді Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев. Бұл көпір арқылы жүк көліктері Түркіменстаннан Ресейге және кері қарай ғана емес, басқа елдерден де қатынайтын. Оның ұзындығы 860 метр, ені 13 метр, құрылысы 2014-2017 жылдар аралығында жүргізілген. Жаңа көпір әлемнің екі бөлігін – Еуропа мен Азияны байланыстырады, олардың арасындағы шекара осы жерде өтеді. Ол Атырау-Ақтөбе-Астрахань тас жолын жалғап, облыстың транзиттік әлеуетін арттыруға көмектесетін маңызды нысанға айналған.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024