Қазақстанда тексеру зертханаларына қойылатын талаптар жаңартылды
Атап айтқанда, тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электрондық есепке алу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру қағидаларында бірнеше тармақ жаңартылды.
Мәселен, тексеру зертханалары тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электрондық есепке алуды және оларды техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификатты ресімдеу арқылы МҒМО-ға беруді жүзеге асырады.
Салыстырып тексеру зертханалары техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы сертификатты ресімдеу кезінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:
өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификаттың (жарамсыздығы туралы хабарламаның) нөмірі және (немесе) өздігінен желімделетін лейблдің нөмірлік коды;
Салыстырып тексеру зертханалары ұсынатын деректер автоматты режимде келіп түскен сәттен бастап техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде есепке алынады.
Сонымен қатар, "Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларында" салыстырып тексеру таңбалары өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижесі туралы куәландыруға арналғандығы нақтыланады, сонымен бірге:
Сондай-ақ, салыстырып тексеру таңбаларын салу тәсілдері бекітілді:
Енгізілген өзге де жаңа өзгерістер жайлы сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.
Бұйрық 2024 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024