Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматылық студенттер жасаған жарыс көлігі әлемге таныстырылады

newsroom.kz

Алматылық студенттер жасаған жарыс көлігі әлемге таныстырылады

Satbayev University инженер студенттерінің SU Racing Team командасы Zymyran EV деп аталатын жаңа электрлі гоночтық болид жасағанын жариялады. Бұл қазақстандық болид 2025 жылы алғаш рет Еуропа мен Қытайда өтетін халықаралық Formula Student инженерлік жарыстарында таныстырылады.

Zymyran EV болидының қысқаша техникалық сипаттамалары:

Formula Student жарыстары жыл сайын бірнеше кезең бойынша өтеді және оған әлемнің 40 елінен жүзден астам студенттік команда қатысады. Командалар бір жыл ішінде формула үлгісіндегі болидтерді жобалап, құрастырып, олармен жарысады. Қазылар алқасы автомобильдердің дизайны мен инновацияларын, басқарылуы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ жобаның экономикалық тартымдылығын бағалайды.

SU Racing Team командасының халықаралық жарыстарға қатысуы Қазақстандағы Porsche-дің ресми импорттаушысының қолдауының арқасында мүмкін болды. Биыл Porsche Kazakhstan компаниясы Satbayev University студенттерінің идеяларын қолдап, Қазақстанды Formula Student 2025 жарысында таныстыруға көмектесті.

SU Racing Team капитаны, машина жасау докторанты Әлібек Ибраим, команда жұмысы туралы былай деді:

«Балалық арманым – көлік жасау – 2018 жылы Сингапурдағы жарыста алғашқы болидімізді ұсынғанда біршама орындалды. Бірақ біздің нағыз мақсатымыз әрқашан әлемдік деңгейдегі Formula Student жарысында бақ сынау болды. Осы жылы Porsche Kazakhstan қолдауымен біз қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алып, Zymyran EVпрототипін жасадық. Дизайн дәстүрлі қазақ этникалық мотивтерінен шабыт алды, ал түсі Porsche-дің жаңа палитрасы – Shades of Provence. 2025 жылы бұл болидпен Еуропа мен Қытайдағы жарыстарға қатысамыз. Ал жарысқа дейін Zymyran EV Satbayev University-де көпшілікке көрсетіліп, сынақтан өтеді».

Бұл жобаның жас мамандарды дайындаудағы артықшылығы – заманауи технологияларды қолдану және материалдық қолдау арқылы халықаралық деңгейдегі талаптарға сай келетін студенттерді тәрбиелеу.

Porsche Kazakhstan компаниясының директоры Гаухар Ғабдрахымова дарынды жастардың алға ұмтылысын, әлемдік автоөндірістің озық тенденцияларын зерттеуге деген құштарлығын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Satbayev University мен Porsche Kazakhstan ынтымақтастығы аясында білім беру үдерісіне VR-технологиялар енгізілді. Бұл технологиялар студенттерге автомобильдің ішкі құрылымын зерттеп, 3D-нысандармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, университетке неміс мамандарымен тұрақты онлайн-семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізу мүмкіндігі берілді, бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың зерттеу жұмыстарының құндылығын жоғарылатты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қараша 2024