Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ел аумағынан балықтың кейбір түрлерін әкетуге тыйым салу ұзартылады

ktk.kz

Ел аумағынан балықтың кейбір түрлерін әкетуге тыйым салу ұзартылады

"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: өзге де балғын немесе салқындатылған балықты (көксерке), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайыны, өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксерке) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін",- делінген құжатта.

Министрлік мәліметінше, балық өңдеу кәсіпорындарының қызметін талдаудың нәтижесі шикізаттың жетіспеушілігін анықтады, ал экспорттың жартысынан көбі мұздатылған өңделмеген балықты құрайды.

Мәселен, бүгінде бұл кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 100 мың тоннадан асады, алайда олардың жүктемесі 40% ғана. Осыған байланысты, 2023 жылғы 15 сәуірден 15 қазанға дейін өңделмеген түрдегі қөксерке мен жайын балықтарының экспорты шектелді, ол тағы жарты жылға ұзартылды (2024 жылғы 5 ақпаннан 5 тамызға дейін).

Тыйым салу аяқталғаннан кейін енгізілген шектеудің тиімділігіне талдау жүргізілді, талдау нәтижесі шектеуді ұзарту қажеттілігін көрсетті. Өңделмеген балық экспортына шектеу қою балық ресурстарын сақтауға және тұрақты пайдалануға ықпал етеді, сондай-ақ қосылған құны жоғары терең өңделген балық өнімдері өндірісінің өсуі де, шикізатты тиімдірек пайдалану есебінен рентабельділікті арттыратындығын пайымдаймыз.

Құжат 4 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024