Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бұралқы иттерді аулауға, зарарсыздандыруға қанша қаражат қажет

ktk.kz

Бұралқы иттерді аулауға, зарарсыздандыруға қанша қаражат қажет

«Әлемде бұралқы иттерге қатысты екі практика бар, бірі ұстап, зарарсыздандыру арқылы өз ортасына қайта жіберу. Екінші тәсіл иттерді қайтарымсыз аулау, оның да екі түрі бар, бірінші оны өмір бақи бағу, екіншісі жансыздандыру.

Одан бөлек, заң жобасы аясында бұралқы иттердің саны мен олардың қаупін азайту мәселесі талқыланып жатыр», - деді Ерболат Сатыбалдин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел барысында.

Халық қалаулысының айтуынша, бұралқы иттердің тағдырына қатысты пікір сан алуан.

«Иттерді қайтарымсыз аулауды қолдайтын кісілер бар, олардың дәлелдері бар. Кейбірі иттерге вакцина егіп, зарарсыздандыру арқылы өз ортасына қайта жіберу керек деп санайды. Иесі бар иттерге қатысты 2021 жылғы заңда жауапкершілік туралы бап бар, өкінішке қарай ол бап қазір жұмыс істемей тұр. Қазір осы бапты толықтыру жағы қаралып жатыр.

Қазіргі есеп бойынша 300 мыңдай қаңғыбас ит бар дейді, олардың бәрін бір мезетте аулап, зарарсыздандыруға 15 млрд теңгедей қаржы қажет, одан бөлек жыл сайын вакцина егу керек. Сондықтан бюджет бойынша мемлекетке салмақ салмау жағын да ойластыруымыз керек. Ең бастысы адамдардың, қоғамның қауіпсіздігі», - дейді ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024