Министр Шаққалиев 10 жұмыртқа 535 теңге тұрады дейді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев белсенді Санжар Боқаевтың өзінің «он жұмыртқа 535 теңге тұрады» деген сөзін терістегеніне байланысты пікір білдірді. Министрдің сөзінше, өзі айтқан әлеуметтік маңызы бар арзан жұмыртқа Small желісінде қатты емес, жұмсақ қаптамада сатылады. «Премиалдық қаптамадағы жұмыртқаны түсіріп, «өтірік айтады» деуге болмайды. Аргентиналық импорттық жұмыртқаны алып, «көрдіңіз бе, қымбат» деп айта салуға болады», – деді ол мәжіліс кулуарында. Министр 540 теңге орташа республикалық баға екенін, өткен аптамен салыстырғанда өсім 0,1 пайыз екенін айтты. Ол қымбатшылық барын жеткізіп, барлық жерде жұмыртқа 600-650 деп көрсету дұрыс емес деп санайды. «Біз жұмыртқаның орташа республикалық бағасы ауытқып тұратынын айтамыз. Семейде, Қызылордада арзанырақ, Алматыда қымбат. Бұл табиғи нәрсе», – дейді ол. Журналистер «жаппай саудада халық мұндай бағадағы жұмыртқаларды неге таппайтынын» сұрады. Министр қымбат бағаны емес, әрдайым орташа республикалық бағаны алатынын атап өтіп, «Астана мен Алматыда қымбат болады», «Солтүстікте немесе оңтүстікте арзан» деді.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
30 қараша 2024