ШҚО-да күн райына байланысты тағы бір ауданда оқушылар мектепке бармайды
Енді тағы бір аудандағы оқушылар мектепте бармайтын болды. Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Соған орай 27 қарашада түскі ауысымдағы 1-11 сынып оқушылардың сабақ уақыты қысқартылды. Ал 28-29 қараша күндері түгел мектептер онлайн форматқа көшірілді. Бұл облыс тарихындағы алғашқы жағдай. Себебі бұған дейін сабақ тек аязды күндері, көктайғақ пен жел жылдамдығы артқан кезде ғана болмайтын.
Бүгін облыстағы тағы бір аудандағы екінші ауысымдағы оқушылар мектепте бармайтын болды. Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығынан мәлім етті.
«Глубоков ауданында қолайсыз метереологиялық жағдайға байланысты бірқатар мектептер қашықтан оқытуға ауысады. Атап айтқанда, Опытное поле ауылының орта мектебі, Степное ауылының негізгі мектебі, Ушаново ауылындағы Момышұлы атындағы мектеп және Прапорщиково ауылындағы Қонаев атындағы орта мектеп», – делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
30 қараша 2024